International Postgraduate School of Medicine
Қосымша құзыреттер
IPSM-де сіз қазіргі заманғы онколог дәрігерге қажетті құзыреттерді қалыптастыратын қосымша бағдарламаға қол жеткізесіз
IPSM бағдарламасы
- Журналдық клубтар;
- Клиникалық талдаулар және кейстердің таныстырылымдары;
- Оқытушының жетекшілігімен кейстерді топтық талқылау;
- Тақырыптар бойынша семинарлар;
- Өзіндік топтық жұмыс;
- Симуляцияланған пациенттермен (пациенттердің рөлін ойнайтын актерлер) коммуникация жасаудың стандартты жағдайларының тренингі;
- Пәнаралық коммуникация тренингтері;
- Өзіндік ерекше тақырыптар бойынша семинарлар;
- Өз бетінше таныстыра отырып, кейстерді талдау;
- Израиль клиникаларында тағылымдамалар;
- Израильдегі сыныптарда сабақ өткізу, израильдік мамандармен клиникалық жағдайларды талдау;
- Оқытушылардың жетекшілігімен клиникада өзгерістер енгізу жөніндегі жобаны әзірлеу;
- Оқытушылардың жетекшілігімен клиникалық зерттеу жобасын әзірлеу;
Оқытушылар
![Вадим Гущин](/upload/iblock/5ec/3t5pgp9iprngkso1mxpo5zq0j0vpw00p.png)
![flag](/upload/iblock/2e9/jt116ginseb5is9lpk8ggpuqk92mu6kw.png)
АҚШ-тың Mercy асқазан-ішек онкология клиникасының директоры
![Виктория Нейман](/upload/iblock/aaa/m3ijp7e5e7j2v3q4pbo1cr61biwzoenv.png)
![flag](/upload/iblock/c8f/gjawocsq79fk3ls60i0z9c7k3v7d2x15.jpg)
Давидофф атындағы онкология орталығындағы химиотерапия стационарының меңгерушісі
![Феликс Бокштейн](/upload/iblock/441/y06dgi55f0udajr00e5d8gguvcghb5ni.png)
![flag](/upload/iblock/c8f/gjawocsq79fk3ls60i0z9c7k3v7d2x15.jpg)
Тель-Авив медициналық орталығының нейро-онкологиялық қызметінің жетекшісі
![Илья Фоминцев](/upload/iblock/1ec/camxd9tulb5dxksyvuzdk1waouxdrl2p.png)
![flag](/upload/iblock/c8f/gjawocsq79fk3ls60i0z9c7k3v7d2x15.jpg)
IHEA тең құрылтайшысы және басқарма мүшесі
![Антон Барчук](/upload/iblock/0c5/r81qn38z8hdo5me2tiou6rvexymb1omo.png)
Санкт-Петербургтегі Еуропалық университеттің Пәнаралық медициналық зерттеулер институтының директоры
Зерттеуші, Тампере Университеті
![Эрель Йоффе](/upload/iblock/4b3/01sl964j8zzfkhtfoisq03eu4ijmdpqf.png)
![flag](/upload/iblock/c8f/gjawocsq79fk3ls60i0z9c7k3v7d2x15.jpg)
Тель-Авив Соураский медициналық орталығының лимфомалар бөлімінің аға дәрігері
Конкурсқа қалай қатысуға болады?
бірінде дамуды жоспарлайсыз?
2023 жылы 400 өтінім берілді. 15 болашақ онколог пен гематолог іріктеуден өтіп, қазір IPSM-де білім алуда.
Конкурс қалай өтеді?
![](/assets/img/info-img.jpg)
IPSM деген не?
IHEA (International Healthcare Equity Agency) штаб-пәтері Израильде орналасқан. Қазақстандағы мектеп жобасын Қазақстанның, Израильдің, АҚШ пен Ресейдің мамандары Қазақстанның ірі медициналық жоғары оқу орындарымен бірлесіп іске асырады.
Қазақстанда IPSM онкология/онкогематология саласындағы дипломнан кейінгі білім беруден басталады, алайда болашақта мамандықтарды кеңейту жоспарларымыз бар.
2024 оқу жылында медициналық онколог (химиотерапевт), хирургиялық онколог, патологоанатом, урологиялық онколог, гематолог-онколог мамандықтары бойынша тағы 20 студентті қабылдауды жоспарлап отырмыз.
Сұрақтарыңыз қалды ма?
Сұрағыңызға жауап таппасаңыз, біздің hello@ipsm.kz электронды поштасына жазыңыз. Біздің менеджерлер сізге жақын арада хабарласады
Конкурстық іріктеуден өткендер үшін IPSM серіктес жоғары оқу орындарының резидентурасында тегін оқытуға кепілдік береді - егер сіз оның бюджеттік нұсқасына өтпесеңіз, біз сіздің резидентураңыздың ақысын төлейміз.